ҚАН ТОҚТАТУ

lat: QAN TOQTATÝ

мертігу, жаралану салдарынан немесе ауруды емдеу мақсатында оташылық жасаған соң ағзадан аққан қанды бөгеу, тежеу амалы. Әдетте, жарадан аққан қанды тоқтатудың жолы қиын емес: оған құрым киізді күйдіріп басу, ыстық күл себу, сондай-ақ малдың жылы шарбы майын таңу сияқты тәсілдер қолданылды. Тамырдан аққан қанды тоқтатудың өзіндік тәсілдері бар: тамырдың жоғарғы жағына бұрау салады. Сол сияқты, өлеңшөп немесе мендуана сияқты қанның ұюын арттыратын емдік шөптерді өртеп, күлін басады. Сондай-ақ, қан аққан жерге суық су, мұз және қар басса оның ағысын баяулатады деп санайды.